Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім аясында БАӘ құзырлы органдары ірі мөлшердегі алаяқтық үшін Алматы қаласының ІІД іздеу жариялаған 28 жасар Николай Капустянскийді ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, Капустянский 2013 жылы алаяқтық жолмен коммерциялық мекеменің 5 миллионға жуық сомадағы ақшалай қаражатын иемденіп, жасырынған.
"Бүгін Бас прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Николай Капустянскийді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады", - деді Бас прокуратура өкілдері.
Айта кетейік, қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.