Алаяқтыққа күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алаяқтыққа күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтыққа күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Германия Федеративтік Республикасынан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған компанияларды құру жолымен қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

"2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды".

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети