Альберт Рау Парламент Мәжілісінің депутаты болды

Альберт Рау Парламент Мәжілісінің депутаты болды Альберт Рау. © Тұрар Қазанғапов

Альберт Рау ?аза?стан Республикасыны? Парламент М?жілісіні? депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталы? сайлау комиссиясыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Альберт Рау Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 005 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауға берілсін", - делінген хабарламада.

ОСК төрағасы Берік Имашев Альберт Рауға ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс етті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2017 жылы 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама