28 ақпан 2017 10:24

Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© strategy2050.kz © strategy2050.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды.

ОСК шешімі Қазақстан Республикасының 1995жылдың 28 қыркүйегіндегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-бабына сәйкес қабылданды.

ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс етті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети