Әліби Жұмағұлов пен Қайрат Жамалиев Астана сотында кездесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әліби Жұмағұлов пен Қайрат Жамалиев Астана сотында кездесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде резонанс тудырған "Әліби ісі" 5 маусымда сотқа келіп түсті. Басты күдікті - Қайрат Жамалиев, жәбірленуші - 24 жастағы Әліби Жұмағұлов.
Астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты атышулы істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков қарайды. Судья бұған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-төрағасы Мұрат Оспанов пен прокурор Мүіслім Өмірияевке қатысты істерді қараған.
Еске сала кетейік, күдікті кәсіпкер Қайрат Жамалиев бірқатар бап бойынша айыпталып отыр: 194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған); 126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған); 121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Айта кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.