Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © mosdep.info

Синоптиктер 21-23 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 21-23 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жылы ауа райы сақталады.

"Қазақстанға Месопотамия аудандарынан келген ауа массасы қараша айының соңына дейін аномальды жоғары температураны сақтайды. Демалыс күндері ауа температурасы 4-9 градусқа нормадан жоғары болды, тек оңтүстік аймақта ғана ауа температурасы нормадан 1-2 градус төмен болады. Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен республиканың көптеген өңірлерінде жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 4-10 градусқа дейін климатты нормадан жоғары болып сақталады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Ал батыс және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашын мен дымқыл қар болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети