Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © pexels.com

Синоптиктер 12-14 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 12-14 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың солтүстік жартысында өткінші жаңбыр жауады.

"Қазақстанның солтүстік жартысында басымырақ найзағайлы өткінші жаңбыр тудыратын атмосфералық фронттар Батыс Сібір арқылы жылжитын циклонмен байланысты. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік жартысының кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ мұнда кей жерлерде бұрыңғысынша максималды ауа температурасы плюс 40…43 градусқа жететін болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети