Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 19-21 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылдың 19-21 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28-33 градус аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Мұнда сондай-ақ, түнде минус 7-15 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3-8 градусқа дейін суытады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети