Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2019 жылдың 26-28 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылдың 26-28 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын-шашын тудырып, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне әкелді. Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғарғы барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыйды, ал тропосфералық ағындар (5 шақырымға жуық биіктікте) ендікке ауысуын бастайды", - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймақтарында температураның жоғарылауын тудырып, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети