Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы жауын-шашынды болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы жауын-шашынды болады © Николай Колесников

Алдағы үш тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында температура 33-41 градусқа дейін көтеріледі. "Қазақстан аумағында басталған атмосфералық процестер ары қарай жалғасады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстіктен келе жатқан жылы ауа ағыны Батыс Сібірдің солтүстік аудандарында қалыптасқан салқын, ылғалды ауа массаларымен "кездеседі", салдарынан осы өңірлерде ауа райы күрт өзгереді", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, бұл кей жерлерде, әсіресе таулы аудандарда нөсер жаңбырдың жаууына әкеледі. Сонымен қатар, ауа температурасы күрт төмендейді. "Еліміздің батыстан басқа өңірлері салқын атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Кейбір жерлерде найзағай ойнап, қысқамерзімді жаңбыр жауып, ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін", - деді метеорологтар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети