Алдағы күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері күн суытады © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Жаңа жылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан 8-15 градусқа жоғары болды. Күндізгі температура 2 градусқа дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа райы бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен атлантикалық циклондармен байланысты болды", - деп хабарлайды синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа-райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі күтіледі.

Сондай-ақ, Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкелетіні айтылады. Осылайша, Қазақстанға Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда республиканың көптеген облыстарында өткінші суық болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети