Алдағы күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері күн суытады © pexels.com

Синоптиктер 2018 жылдың 7-9 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Қысқа мерзімді жылудан кейін температураның төмендеуі күтілуде 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2018 жылдың 7-9 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Қысқа мерзімді жылудан кейін температураның төмендеуі күтілуде 

"Қазақстанның жақын күндеріндегі ауа-райын Поволжье мен Оңтүстік Орал аудандарынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар қалыптастырады. Олардың ықпалынан республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде дауылды жел күшейіп, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік жартысының кейбір аудандарына сондай-ақ өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Күндізгі температура +30+39-дан +25+30 дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің айтуынша, 2018 жылы 6 маусым сағат 12.00 - 7 маусым сағат 20.00 дейінгі аралықта күтілетін желдің күшейуіне байланысты БҚО-да дауылдық ескерту жарияланған. 6 маусым күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді екен. 

"Орал қаласында 6 маусым күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. 7 маусым Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. Орал қаласында 7 маусым батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети