Алдағы күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері күн суытады © pexels.com

Синоптиктер 5-7 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5-7 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн суытады.

"Суық атмосфералық фронттар мен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті. Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашынның жаууы басталды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын, қар, екпінді жел cоғуы мүмкін", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәлімтетінше, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 градустан төмен болады, ал солтүстік жартысында түнде минус 2…10 градус, оңтүстігінде 0…8 градус, бұл көрсеткіштің орташа көпжылдық нормадан 3…6 градусқа төмен екені айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети