Алдағы күндері күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері күн суытады © pexels.com

Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Жалғасы

"Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауамен республиканың көптеген облысында күннің суытуы, сондай-ақ, қар, кей жерлерде қатты қар, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарда бұрқасын, солтүстік-батыстан екпінді жел күтіледі.

Сондықтан орташа көпжылдықтан 4…10 градусқа жоғары температура желтоқсан айына тән температураға ауысады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети