Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі? © newsbel.by

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысып келетін атмосфералық фронттардың әсерінен, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, екпінді жел алдымыздағы үш күнде еліміздің барлық дерлік аумағында күтіледі. Жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін. Батыс және солтүстік облыстардағы температура көпжылдық орташа көрсеткіш мөлшерінде болып, кей жерлерде 1-2 градусқа төмендесе, басқа аумақтарда 2-4 градусқа жоғары болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, синоптиктер осы айда үш рет суық түсіп, оның соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтқан болатын. "Айдың басында суық және ылғалды ауа массасымен циклон келіп, елдің солтүстігінде ауа температурасы 1-6 градус жылы болса, қалған өңірлерде 2 градусқа дейін суық болады", - деді мамандар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети