Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

© Tengrinews.kz

Синоптиктер ?аза?станда 11-13 ?азанда ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 11-13 қазанда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға келген атмосфералық фронттардың әсерінен, алдағы үш тәулікте ауа райының қандай болатыны анықталады. Осы фронттардың әсерінен көптеген аудандарда жауын-шашын, сулы қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасы климат нормасынан 3-6 градусқа төмен болады", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығында 12 қазаннан бастап жауын-шашын жауса, 13 қазанда өткінші жаңбыр күтіледі, ауа температурасы әдеттегіден 3-5 градусқа төмен болады. Ал республикамыздың батыс бөлігінде ғана алдағы тәулікте жауын-шашын күтілсе, қалған күндері күндізгі уақытта ауа райын жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 5-13 градустан жоғарыламайды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін қазан айында ауа райы қандай болатыны айтылған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама