03 қазан 2016 18:19

Қазақстанда казан айында ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews © Тengrinews

Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді ауа райын болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышеваның айтуынша, алдын ала болжамға сәйкес, ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында, Атырауда, Маңғыстауда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында климаттық нормада ауа температурасы нормадан жоғары, яғни республиканың басқа облыстарына қарағанда 1-2 градусқа жылы болады.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облысының көп бөлігінде, Атырау, Қостанай облысының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында басқа өңірлерге қарағанда жаңбыр нормадан төмен жауады деп болжанып отыр.

Оның айтуынша, қазан айының бірінші онкүндігінде еліміздің солтүстігінде, шығысы және орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 0-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 7-12 градус жылы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі уақытта  ауа температурасы 2-7 градусқа дейін жылы болады, ал күндіз 13-20 градусқа дейін жылиды. "Бірінші он күндіктің аяғында және екінші онкүндіктің көп бөлігінде еліміздің батысында антициклонның әсерінен жайлы ауа райы болады, тек шығыс бөлікте Таймыр ауданынан келген суық ауаның әсерінен жаңбырлы болады", - деп түсіндірді ол.

Оның мәліметі бойынша, екінші онкүндіктің аяғында және үшінші онкүндікте құбылмалы ауа райы болып, суытады.

Сонымен қатар синоптик алдағы үш күннің болжамын айтып берді. "Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысы мен оңтүстік шығысында ауа температурасы бір қалыпты болмайды, жағбыр жауады деп күтіледі, ал кей жерлерде нөсер жауу мүмкін (жаңбыр артынша қарға ұласады), кей жерлерде тұман түседі, тек батыс өңірлері жауын шашынсыз болады", - деді Ақышева. 

Бұл айтылған болжам консультациялық болғандықтан, синоптикалық жағдайларда түзетулер енгізілуі мүмкін екені атап айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети