Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері қандай ауа райы күтіледі? © Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанда 23-25 ақпан күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 23-25 ақпан күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанның солтүстік облыстарында қар және күшті жел туындатқан атмосфералық фронттар Батыс Сібірге жылжып барады. Олардың тылында антициклон жайылады, солардың ықпалынан республиканың көптеген облысында аз бұлтты қысқа мерзімді, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын тәуліктерде Қазақстанның батысында жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болады. Ал 25 ақпанда атмосфералық фронтар солтүстік облыстарға жетеді. Осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 5-13 градусқа жоғары болып сақталады.

"Республиканың оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен фронтар жылжитын болады, сондай-ақ, 25 ақпанда мұнда жауын-шашын, тұман, сулы қар және көктайғақ болады деп күтіледі. Осындай ауа райы, әсіресе, таулар мен тау өткелдерінде өте қауіпті болып табылады", - деді синоптиктер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети