Синоптиктер 2018 жылғы 19-21 мамыр демалыс күндер ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2018 жылғы 19-21 мамыр демалыс күндер ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізеді. Осыған байланысты жылы және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа түсіп, +30…+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада.