Синоптиктер 5-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 5-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта күн жылынады.
"Аязды және жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден жылы және дымқыл ауа массалары келеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы мүмкін, бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжуымен қар, бұрқасын, батыстан соғатын күщті жел, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман болуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" өкілдері.