20 наурыз 2019 | 11:35

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады.

"Жауын-шашынсыз ауа райына байланысты антициклон біртіндеп әлсіреп, шығыс бағытта жылжиды. Оның орнына Өзбекстан мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен кей уақыттарда жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр күтіледі. Бірақ оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен күндізгі ауа температурасы республиканың басым облыстарында +3…+10 градусқа дейін, оңтүстікте +13…+18 градусқа дейін жоғарылайды, бұл көпжылдық орташа мәнге жуық және 3…5 градусқа жоғары болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети