Синоптиктер 2019 жылдың 27-29 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 27-29 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Көпжылдық мәліметтер бойынша Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысын аймақтарында сәуір және мамыр айларында ең көп жауын-шашын мөлшері түседі. Осы жылдың сәуір айы да соған дәлел, өйткені, 25 күннің 19 күні жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауын-шашын түсті. Сонымен қатар республиканың басқа аймақтарында да сәуір айы жауын-шашынды болды", - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, сәуірдің соңғы демалыс күндері де Баренцева және Карск теңіздерінен жылжыйтын суық атмосфералық фронттармен, көптеген аймақтарда жаңбыр, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жылбысқы қарға ауысуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек жексенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы күтіледі екен.