Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райы болжамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райы болжамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады - найзағай, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:

  • күндіз батыста +30 +37 градус;
  • оңтүстік-батыста +27 +37 градус;
  • солтүстік-батыста +27 +35 градус;
  • солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;
  • орталықта +20 +28 градус;
  • оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;
  • таулы аймақтарда +25 градус шамасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети