29 тамыз 2018 11:34

Алдағы демалыс күндері қандай фильмдер көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©timeout.ru ©timeout.ru

Қазақстандық кинотеатрлар билеттің бағасын бір қалыпта ұстап отыр. Тамыз айында Қазақстан тұрғындарына кино орташа есеппен 1230 теңгеге шығатын яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға жоғары делінген Energyprom.kz сарапшыларының зерттеуінде.


Қазақстандық кинотеатрлар билеттің бағасын бір қалыпта ұстап отыр. Тамыз айында Қазақстан тұрғындарына кино орташа есеппен 1230 теңгеге шығатын яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға жоғары делінген Energyprom.kz сарапшыларының зерттеуінде.

Сарапшылардың зерттеуі бойынша, еліміздегі ең қымбат кинотеатр бағасы Атырау мен Астана және Көкшетау қаласында екен (бағасы 1500 теңгеден жоғары). 

Өз кезегінде мәдени және ойын-сауық іс шаралары алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға, ал қызмет көрсету 3,2 пайызға бірден қымбаттап кеткен. Мұндай қорытынды соңғы 4 жыл ішінде жасалынып отыр.

Алдағы демалыс күндері қазақстандықтар осы аптада көрсетілімге шыққан фильмдерді тамашалай алады. Боевик пен шытырман оқиғаға толы киноға әуес көрермен Альберт Хьюзаның "Альфа" триллерін (АҚШ), Питер Бергтің "22 миль" фильмін және режиссер Дрю Пирсаның "Отель" мен "Артемида" фантастикалық киносын тамашалай алады.

Комедия жанрын сүйетіндер Хади Хаджейгтің "Голубая игуана" атты трилері мен жастарға арналған Роман Каримовтың ресейлік "Днюха!" атты комедиясын көре алады. 

Қорқынышы жанрға жаны жақындарға Сильвен Уайтттың "Слендермен" ужастигі шыққанын айта кету керек. 

Ал отбасылық фильм тізіміне Марина Нефедованың ресейлік фантазия жанрындағы "Принцесса и дракон" атты мультфильмі мен шытырман оқиғаға толы "Вилли и крутые тачки" комедиясын ұсынамыз. 

Сондай-ақ, осы айдың 30-нан бастап кино әлемінде тағы бір фантастикалық боевик "Планета зверей", драма жанрында "Шоу Мистико", комедиялық драма "Как женить холостяка Виктора Левина" мен ресейлік "Гоголь" атты детектив жанрындағы кино жарыққа шығады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети