Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері тропосферада орналасқан ауа массаларының батыстан шығысқа қарай тасымалдануы сақталады. Соның әсерінен республикамыздың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық күндер күтіліп отыр, тек Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
"Кейбір жерлерде күндізгі температура климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болып, ауа температурасы 38-45 градусқа дейін көтеріледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Жауын-шашын Батыс Сібір және Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандары арқылы жылжитын циклондарға байланысты атмосфералық фронттарды шақырады және ауа температурасы орташа көпжылдық нормаға сай болады немесе 1-3 градусқа жоғарылайды", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.
Айта кетейік, синоптиктер ауа температурасының жоғарылауына байланысты ескерту жариялап отыр:
Атырау облысының басым бөлігінде 1-2 тамызда 40-42 градус ыстық болады;
1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі;
1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 41-45 градус болады деген болжам бар;
2 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде 41 градус ыстық болады.
Сонымен қатар, ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты 3 тамызға дейін Алматы облысының жекеленген тау өзендерінде судың мөлшері көбеюі мүмкін, тауларда сел жүру қаупі бар.