Алдағы жылдары Алматыдағы зираттарда марқұмдарды жерлейтін орын қалмайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы жылдары Алматыдағы зираттарда марқұмдарды жерлейтін орын қалмайды Фото: © Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Алдағы алты-жеті жылда Алматыдағы зираттарда адам жерлейтін орын қалмайды. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы алты-жеті жылда Алматыдағы зираттарда адам жерлейтін орын қалмайды. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы зираттарында 60 гектар бос орын бар

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, қазіргі уақытта қалада 70 зират бар, оның 61-і қала әкімі қаулысының негізінде жабылған.

"Қалған зираттардағы бос аумақтар 60 гектар болады, олар алдын ала есеп бойынша алдағы 6-7 жыл ішінде толып қалады", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Жаңа зиратқа орын бөлу жоспарланған ба?

Басқармада Алматыда жаңа зираттар қай жерде және қашан ашылатыны және олардың қанша орынға есептелетіні нақтыланбады. Айта кетейік, Алматыда дәстүрлі жерлеу түріне балама әзірге жоқ.

Жерлеуге балама: крематорий

Құны 1,5 миллиард теңге болатын крематорий дәстүрлі жерлеумен қатар тағы бір балама бола алар еді, бірақ әзірге ол тоқтап тұр. Құрылысы аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы ешбір мемлекеттік орган оны өз балансына алғысы келмеді, себебі қолданыстағы санитарлық ережелерде крематорий қызметін реттейтін нормалар жоқ.

Алматы әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта шешім қабылданған: крематорийлер қызметін нормативтік реттеу қарастырылғанға дейін нысанды күтіп-ұстаумен қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети