Алдағы жылдары Ұлттық қордан қанша ақша жұмсалады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы жылдары Ұлттық қордан қанша ақша жұмсалады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ұлттық қордан жоспарланған трансферт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Ұлттық қордан жоспарланған трансферт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында сөз сөйлеген министр 2022 жылы трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірісі 9,2 триллион теңге, 2023 жылы 9,7 триллион теңге, 2024 жылы 10,4 триллион теңге болады деп болжанғанын айтты.

"2022 жылы 2,4 триллион теңге, 2023 жылы 2,2 триллион теңге және 2024 жылы 2 триллион теңге мөлшерінде трансфертті анықтап, оны әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады. Қаражат республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақылар мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге бағытталады", - деді Ерғалиев.

Сонымен қатар, Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге, 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тарту ұсынылып отыр.

"Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға Ұлттық қордан түсетін мақсатты трансферттерді пайдалану ұсынылады", - деді министр.

Мұнайдың барреліне 60 доллар бағасымен жоспарланған трансферттерді ескере отырып, Ұлттық қорға мұнай түсімдері 2022 жылғы 2,5 триллион теңгеден 2024 жылы 3 триллион теңгеге дейін өседі деп болжанған.

Ұлттық қордың валюталық активтері 2022 жылы 55,3 миллиард доллардан 2024 жылы 61,6 миллиард долларға дейін өседі деп болжанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети