09 қаңтар 2023 | 11:20

Алдағы күндері Алматыда күн суытып, аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алдағы күндері күн суытып, аяз болады деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда алдағы күндері күн суытып, аяз болады деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, алдағы екі тәулік бойы Алматыда қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейін қатты аяз болады.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерден тротуарлармен жүргенде абай болуын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети