Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Арктикалық суық ауаның келуіне байланысты еліміздің барлық өңірінде 2-5 градусқа нормадан төмендейді.

"Қазақстандықтарды соңғы күндері қалыпты жылы ауа-райымен қуантты, ауа температурасы әдеттегі қалпынан 4-8ºС-қа жоғары болды. Бұл жылылық қысқа мерзімді болды, суық арктикалық ауа массаларын басып кіруінің әсерінен республикамыздың бүкіл аумақтарында жақын күндерде ауа райының салқындауы және ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа төмен болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.
Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш тәулікте сулы қар, көктайғақ күтіледі, республикамыздың солтүстік жартысында батыстан күшті жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-28 метр секундына күшейеді және боран күтіледі.
"Сондай-ақ оңтүстік облыстарда көбіне жауын-шашынды, түнде және таңертең жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтіледі", - дейді мамандар.