Синоптиктер 15-17 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 15-17 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Атмосфералық фронттың екі жүйесі республиканың шығыс аймақтарынан жоғары орналасқан циклонмен байланысты. Осы фронттардың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен көптеген облыстарда қар жауып, боран соғып, күшті екпінді жел болады деп күтіледі. Алдағы күндерде оңтүстік және оңтүстік-шығыста, әсіресе таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс ауданынан атмосфералық фронттардың ту сыртына, республикадағы аязды ауа райын ұстап тұратын, үлкен антициклон жылжып келеді екен.