Синоптиктер 22-24 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 22-24 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Алдағы күндерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және көктайғақ болады деп күтілуде. Басқа күндерде тұман болуы мүмкін. Ресейдің еуропалық бөлігінен антициклонның кезекті келуі батыста және содан кейін онын жылжуына байланысты республиканың қалған бөлігінде де температураның төмендеуі болады", - деді синоптиктер.