Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Сондықтан, республиканың солтүстік бөлігінде өткен тәулікте ауа температурасы 3…8°С дейін түсіп, климаттық нормадан төмен болған. Сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда аяз, бірақ жауын-шашынсыз, температурасы нормадан төмен ауа райы күтіледі екен.
"4-5 наурызда оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен келетін циклондар температураның жоғарылауына әсер етеді. Соларға байланысты, жексенбі күндері республиканың басым бөлігінде күрделі ауа-райы: жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтілуде", - делінген хабарламада.