23 сәуір 2018 | 15:29

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Синоптиктер 2018 жылғы 24-26 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2018 жылғы 24-26 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. 

"Қазақстанның аумағы бойынша солтүстік-шығыс бағытында белсенді атмосфералық фронттарымен Каспий циклоны жылжып келеді. Сейсенбіде Қазақстанның орталығына, ал оның фронттары республиканың оңтүстік облыстарына орнығып, кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай, күшті соқпалы жел және бұршақ тудыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл циклон республиканың орталық және шығыс облыстарындағы жауын-шашынның да себебі болуы мүмкін", - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ, елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонымен байланысты болатын атмосфералық фронттардың ықпалында қалатыны айтылады. Мұнда сондай-ақ жаңбыр, найзағай, солтүстікте түнде сулы қар, температура төмендейді.

Бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялған. 24 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының жел 15-20 м/с, кей жерлерінде найзағай, тұман түседі екен.

"24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с, 25 сәуірде түнде таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы күтіледі. Тараз қ.: 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, 24 күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын; 24-25 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел, найзағай сақталып, тұман, бұршақ, шквал күтіледі", - делінген болжамда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети