25 маусым 2018 | 12:18

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында ауа райы ыстық болып, қалған аумақта жауын-шашын болады.

"Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжып келе жатқан жоғарғы циклон бұл аудандарға найзағайлы, кей жерлерде күшті жаңбыр, сондай-ақ, бұршақ жаудыртып, дауылды желдің күшеюін тудыратын болады. Бұл циклонның барийлік шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың орталық, шығыс және оңтүстігіне әсерін тигізеді. Мұнда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, күшті екпінді жел, бөлек аудандарда бұршақ күтіледі. Ауа температурасы климаттық нормаға жуық және 1-3 градусқа төмен, тек батыста атициклонның әсері сақталып, бұрыңғысынша күндіз ауа 35…42 градусқа дейін жоғарылайды, бұл қалыпты нормадан 3…6 градусқа жоғары болады.", - деп хабарлады синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети