03 қыркүйек 2018 12:07

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Синоптиктер 2018 жылдың 4-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2018 жылдың 4-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанға қыркүйектің алғашқы күндері Карск теңізі аудандарынан басып кірген суық ауа массалары республиканың көптеген облыстарында температураның төмендеуін тудырды. Ал түнгі температура солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қатқаққа дейін төмендеді. Алдағы үш тәулікте суық және үлкен антициклон одан әрі Қазақстанға таралатын болады, сондықтан қатқақ мұнда сақталады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, Республиканың көптеген облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градустан төмен болады деп күтіледі, тек батыста ол қалыпты температурадан 2-4 градустан жоғары болады деп болжанады. Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, орталық және шығыс облыстарында көрінуі 500 метр кем тұман күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети