Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © pixabay.com

Синоптиктер 11-13 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 11-13 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағында жаңбырдың арты қарға ұласады.

"11 қазанда күндізгі температура әлі де плюс 13...20 градус болса, 13 қазанда 0…плюс 8 градусқа төмен болады. Ал түнгі температура 0…- 5 градус болады деп болжанады. Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан жылжыйтын арктикалық суық фронтпен байланысты. Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында суық фронттардың әсері 12 қазанда күндіз, ал 13 қазанда  тәулік бойы күтіледі, мұнда әзірге жаңбыр, бірақ таулы аймақтарда жаңбыр қарға ұласады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети