Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Суық арктикалық фронтпен байланысты алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасынмен бірге және екпінді жел күтіледі. Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклон және осы фронттың артынан жылжуы, жауын-шашынның тоқталуы және ауа температурасының суытуына алып келеді", - делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның таулы және тау бөктері аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады, мұнда әлі де аздаған қар, тұман және көктайғақ сақталады. Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура 30-35 градусқа дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 6-9 градус климаттық нормадан төмен.