Синоптиктер 2019 жылдың 4-6 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 4-6 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28 градус, оңтүстік және орталықта плюс 27-32 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтіледі.