Синоптиктер 2019 жылдың 22-24 тамызы аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 22-24 тамызы аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Республиканың солтүстігінде жаңбыр және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт, оңтүстік бағытта жылжуын жалғастырады. Бұл фронтпен алдағы екі тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбы, найзағай күтіледі, желдің дауылды күшеюі және бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ оңтүстікте және жеке аймақтарда найзағаймен өткінші жаңбыр жаууы ықтимал", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, таулы және тау бөктері аймақтарында қатты жаңбыр және болжанатын аралықтың ішінде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз және ауа температурасы бұрыңғыдай климаттық нормадан 3-5°С жоғары болады.