Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады", - делінген хабарламада.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.