Синоптиктер 2019 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30 градусқа дейін, кей жерлерде плюс 35градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді", - делінген хабарламада.
Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20-28 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуін туғызады.