Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © pixabay.com

Синоптиктер 25-27 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 25-27 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы күндері Сібір антициклонының жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймағында түнде және таңертең көріну қашықтығын 500 м-ден төмен нашарлататын тұман күтіледі. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақпен ат-мосфералық фронттар ығысуда.

Бұл фронттар кезекті Атлантикалық циклон-мен байланысты, сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасының жоғарылауына алып келеді. Фронттардың батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12 градусқа жоғары болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети