Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 29, 30 және 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 29, 30 және 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметінше, атмосфералық фронтальдық бөліктер өтуіне байланысты бүкіл республикада ауа райы тұрақсыз болады.

"Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, оңтүстігінде және батысында жаңбыр мен қар жауады. Республиканың кейбір жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде батыста 8 градус аяз болады. Ал солтүстікте, шығыста және орталықта 20 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында термометр бағандары түнде 15 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети