Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда 23, 24 және 25 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 23, 24 және 25 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет болжамына қарағанда, алдағы күндерде еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, түнгі ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендеуіне әкеліп соғатын антициклон келеді.

"Республиканың қалған аумағында циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуымен жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады. Еліміздің шығысында және орталығында жаңбыр мен жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады", - делінген хабарламада.

Мамандар мәліметінше, кезеңнің соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде тәуліктік ауа температурасы біртіндеп көтеріледі - елдің солтүстік жартысында 10-18 градусқа дейін, ал батыс жартысында 20-25 градус дейін жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети