Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 қыркүйектегі ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 қыркүйектегі ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклон жырасы әсер етеді, жаңбыр, найзағай, жел күшейеді деп күтіледі, ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ауа температурасы республиканың қиыр батысында күндіз +33+38 градустан +23+31 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында +31+38 градустан +25+35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, елдің солтүстігінде термометрлер +30+35 градус белгісіне жетеді, республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30+38 градусқа дейін, шығыста +27+38 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети