01 мамыр 2019 | 14:30

Алдағы күндері БҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

pexels.com pexels.com

Алдағы күндері Батыс Қазақстан облысындағы өңірлерде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы күндері Батыс Қазақстан облысындағы өңірлерде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

"2 және 3 мамырда тәулік бойы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз 2 мамырда кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Ал Оралда күндіз оңтүстік- шығыстан соғатын желдің күші секундына 18 метрге дейін жетеді деп болжанады", - деп ескертті "Қазгидромет" өкілдері.

"Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін. Төтенше жағдайды жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети