Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 9-10 шілде күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40-41 градус болады.
"9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус, 9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық, Жамбыл облысында кей жерлерде 39 градус қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында да 9 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 36 градус ыстық, найзағай, бұршақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі.
10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болжанады.
9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады.