27 қыркүйек 2018 15:59

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 28 қыркүйекте Астана жауын-шашын жауып, секундына 20 метрге дейін жететін жел соғады.

Ақмола облысында да жауын-шашын жауып, оңтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жететіні айтылады.

27 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, дауыл болады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с күтіледі.

28 қыркүйекте Қостанай облысының басым бөлігінде бөлігінде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.

28 және 29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік батыс желі күшейеді. Нақтырақ айтсақ, Петропавлда батыс және оңтүстік батыс желінің екундына 25 метрге дейін жететіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети