08 қаңтар 2021 14:13

Алдағы күндері Қазақстанда күн жылиды

Сурет: elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері күн жылы болады деп болжады. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
 
Еске салайық, 8 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжаған еді. Бірнеше облыста ескерту жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram