08 қаңтар 2021 09:14

Елімізде 8 қаңтарда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Синоптиктер 8 қаңтарда Қазақстанның көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Синоптиктер 8 қаңтарда Қазақстанның көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Жалғасы

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аяз сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронталдық бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.

Бірнеше облыста ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. 

Түнде Алматы және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

7 қаңтарда сағат 22.00-ден бастап қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін автомобильдерге Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық жолдарға шығуға тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети